Бакудің атақты «Нефтчи» клубы Ислам Чесноковты қатарға қосуды көздеп отыр

Футбол
ФК “Тобыл”
Әзербайжанның ең атақты клубтарының бірі – Бакудің «Нефтчи» командасы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ислам Чесноковқа қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды BasSport.kz, Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
Әзербайжанның тоғыз дүркін чемпионы Қостанайдың «Тобыл» клубына тиімді ұсыныс жасап, екі тарап келісімге келген. Алайда, Ислам Чесноковтың өзі мансабын батыс чемпионаттарының бірінде жалғастыруды жоспарлап отыр.
Осыған дейін шотландиялық «Хартс» клубы 25 жастағы Чесноковты бақылап жүргені белгілі болған еді, бірақ «Тобыл» британдықтардың ұсынысымен келіспеген.