«Бешікташ» Бақтиер Зайнутдиновты құрамнан шығарды
![«Бешікташ» Бақтиер Зайнутдиновты құрамнан шығарды | BASSPORT «Бешікташ» Бақтиер Зайнутдиновты құрамнан шығарды](https://bassport.kz/storage/2025/02/07/VnalFp8cakhdMfIBRnlGILXdgpHfDCnoVvxLKq3P.jpg)
Футбол
KFF
Стамбұлдың «Бешікташ» футбол клубы Түркия чемпионатының 23-туры аясында өтетін «Сивасспор» командасына қарсы матчқа шақырылған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Аталған тізімге 20 футболшы енгенімен, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов бұл кездесуге қатыспайды. Бұған дейін «Бешікташ» баспасөз қызметі қазақ футболшысының жарақат алғанын мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, Зайнутдинов осы маусымда 12 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас берген.
«Сивасспор» – «Бешікташ» матчы 8 ақпанда Сивас қаласында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады. Қазіргі таңда «Бешікташ» 32 ұпаймен 7-орында, ал «Сивасспор» 23 ұпаймен 15-сатыда келеді.