Қазақстан құрамасы Белекте оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Футбол
KFF
Қазақстан ұлттық құрамасы Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп жазады BasSport.kz.
Бұл туралы командасының медиа-офицері Ермұхамед Мәулен хабарлады. Бас бапкер Әли Әлиевтің жетекшілігімен өтетін жиын 10-17 ақпан аралығына жоспарланған.
Оқу-жаттығу барысында команда екі жолдастық кездесу өткізеді: бірі шетелдік клубқа, екіншісі Азиялық құрамалардың біріне қарсы өтеді.
Бұл матчтарда жаттықтырушылар штабы ұлттық құраманың жаңартылған құрамына енуі мүмкін футболшыларды бақылайтын болады.