Анна Данилина Дохадағы турнирдің 1/8 финалында жапондық жұппен кездеседі

Теннис
ҰОК
Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық жарыстың екінші айналымындағы қарсыластарын білді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Дохада (Катар) өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында Данилина ресейлік әріптесі Ирина Хромачевамен бірге жапониялық Суко Аояма – Ери Ходзуми дуэтіне қарсы ойнайды. Кездесу 12 ақпан күні Астана уақытымен 12:00-де басталады.
Айта кетейік, Данилина мен Хромачева турнир фавориттерінің бірі саналады. Олар жарыстың жетінші нөмірлі дуэті ретінде тіркелген. Алдыңғы кезеңде қазақстандық-ресейлік жұп словак Тереза Михаликова мен британдық Оливия Николлсты жарыстан шығарған болатын.