Қазақстандық фристайлшылар Азия ойындарының алтын медалін иеленді

Қазақстандық фристайлшылар Азия ойындарының алтын медалін иеленді
Басқа

Нұрғали Жұмағазы

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы елімізге екінші алтын медальді сыйлады, деп хабарлайды BasSport.kz, Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Біздің спортшылар синхронды секіруде үздік атанып, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов бірден екі Қытай командасын артта қалдырды.

Екінші мүмкіндікте қазақстандық фристайлшылар 97,92 ұпай жинап, жарыстың жеңімпазы атанды.

Екінші орынға Қытай құрамасы (93,48 ұпай) жайғасса, үшінші орынды да қытайлық спортшылар (91,57 ұпай) иеленді.

Асан Асылхан мен Дінмұхаммед Райымқұлов 83,96 ұпаймен төртінші орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан алғаш рет Азия ойындарының тарихында осы спорт түрінен алтын медаль жеңіп алды.