Нұралы Әліпке қатысты тамаша жаңалықтар шықты

Нұралы Әліпке қатысты тамаша жаңалықтар шықты
Футбол

Әлеуметтік желі

Қазақстан ұлттық құрамасы мен “Зенит” клубының қорғаушысы Нұралы Әліп толыққанды жаттығуға қайта оралды. Футболшы таңертеңгі жаттығуда команданың жалпы тобымен ешқандай шектеусіз жұмыс істеді, деп хабарлайды Bassport.kz Matchtv.ru сайтына сілтеме жасап.

Әліп жарақатты 1 желтоқсанда Ресей премьер-лигасының 17-турындағы “Крылья Советов” командасына қарсы матчта алған болатын. Бірінші оқу-жаттығу жиынында (Доха) қорғаушының қалпына келу процесі жалғасып, ол тек ішінара командалық жаттығуларға қатысқан еді.

Қазіргі уақытта “Зенит” командасы Абу-Дабиде екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жиын 14 ақпанға дейін жалғасады.