Чемпиондар лигасы: 2024/2025 маусымының плей-офф жеребесі тартылды

Чемпиондар лигасы: 2024/2025 маусымының плей-офф жеребесі тартылды
Футбол

Reuters

Бүгін, 31 қаңтарда, УЕФА Чемпиондар лигасының 2024/2025 маусымының плей-офф кезеңіне жеребе тартылды.

Биылғы маусымда турнир форматы өзгеріп, негізгі кезеңнің 36 командасы өз орындарын анықтады.

Жаңа жүйе бойынша: 8 үздік команда бірден 1/8 финалға өтті. 9-24 орын алған командалар 1/16 финалда кездеседі.

1/16 финалдың жұптары:

“Брест” (Франция) – “ПСЖ” (Франция)

“Монако” (Франция) – “Бенфика” (Португалия)

“Ювентус” (Италия) – ПСВ (Нидерланды)

“Фейеноорд” (Нидерланды) – “Милан” (Италия)

“Манчестер Сити” (Англия) – “Реал” (Испания)

“Селтик” (Шотландия) – “Бавария” (Германия)

“Брюгге” (Бельгия) – “Аталанта” (Италия)

“Спортинг” (Португалия) – “Боруссия” (Германия)

Матчтар ақпан айында өтеді. Бұл кезеңде кездесулер екі матчтық жүйе бойынша ойналады. Жеңімпаздар 1/8 финалға жолдама алады.