«Тұран» «Балтика-2» футбол клубынан сегіз гол жіберіп алды

«Тұран» «Балтика-2» футбол клубынан сегіз гол жіберіп алды
Футбол

ФК “Тұран”

Түркістандық «Тұран» оқу-жаттығу жиыны аясында өткізген жолдастық матчта Ресейдің «Балтика-2» клубынан ойсырай жеңілді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Виталий Жуковскийдің шәкірттері қарсыластың қарқынды шабуылдарына төтеп бере алмай, 1:8 есебімен жеңіліп қалды.

«Тұран» футболшылары сегіз гол жіберіп, тек бір рет жауап қайтара алды.

Команда бүгін кешке кезекті бақылау матчына шығады. Келесі қарсылас – Өзбекстанның «Бұхара» клубы.