Cенсациялық Дания – Қазақстан матчының үздік сәттері (ВИДЕО)
Футзал
KFF
Қазақстан ұлттық құрамасы футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі үшінші матчын өткізді. Даниямен кездесу Сённерборгте (Дания) өтті.
Кездесу күтпеген нәтижемен аяқталды – Қазақстан құрамасы 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Бұған дейінгі ойындарда біздің құрама Албанияны сырт алаңда 2:0 есебімен жеңсе, өз алаңында Армениямен 4:4 есебімен тең түсті.
Іріктеудің негізгі кезеңінде топ жеңімпаздары тікелей финалдық кезеңге өтеді, ал екінші орын алған сегіз үздік команда 2025 жылғы қыркүйекте плей-офф матчтарына қатысады. Әр команда топтағы қарсыластарымен үйде және сыртта ойнайды.
Финалдық турнир 2026 жылғы 18 қаңтар – 8 ақпан аралығында Рига (Латвия) және Каунас (Литва) қалаларында өтеді.