Бақтиер Зайнутдинов Испания чемпионатына ауысуы мүмкін
Футбол
ФК “Бешікташ”
Түркиялық «Бешикташ» және Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов мансабын Испания чемпионатында жалғастыруы ықтимал, деп хабарлайды BasSport.kz Sport+ сілтеме жасап.
Журналист Сердар Сарыдагтың хабарлауынша, Испания Ла Лигасының «Реал Вальядолид» клубы ыстамбұлдық клубқа Зайнутдиновты жалға алуға ұсыныс жасаған.
Осы маусымда Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.
«Реал Вальядолидке» келетін болсақ, бұл команда 21 турдан кейін Ла Лигада соңғы, 20-шы орынында тұр.