Дана Уайт Конор МакГрегордың UFC-ге оралуы туралы пікір білдірді
Жекпе-жек
Allboxing
UFC президенті Дана Уайт Конор МакГрегордың промоушнге қайта оралуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.
“Конор ма? Оның қашан оралатынын білмеймін”, – деді Дана Уайт баспасөз конференциясында.
Бұған дейін Уайт МакГрегор мен танымал рестлер Логан Пол арасындағы жекпе-жегіне қарсы болғаны хабарланған болатын. Оның себебі – UFC президентінің Логан Полдың інісі, танымал блогер және кәсіпқой боксшы Джейк Полға деген жеккөрушілігі.
Айта кетейік, МакГрегор UFC-де соңғы рет 3,5 жыл бұрын жекпе-жек өткізген. Жақында ол Логан Полмен 250 миллион долларлық сыйақы қоры бар жекпе-жек туралы келіссөздер жүргізген еді. Кездесу 2024 жылдың соңында Мумбайда (Үндістан) өтуі мүмкін болған.