“Тобыл” Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

“Тобыл” Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады
Футбол

ФК “Тобыл”

Қостанайдың “Тобылы” Түркияда өткен алғашқы оқу-жаттығу жиынын сәтті аяқтады. Енді команда 31 қаңтарда екінші дайындық кезеңіне аттанады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Маршрут: Қостанай – Астана – Стамбұл – Анталия.

Екінші жиын 31 қаңтар мен 20 ақпан аралығында Түркияда өтеді. Бұл кезеңде команда бірнеше бақылау матчтарын өткізуді жоспарлап отыр.

Ойындардың нақты кестесі кейінірек жарияланады.