Асу Алмабаев TOП жекпе-жегінен айырылды
Жекпе-жек
UFC
Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев (21-2) австралиялық Стив Эрцегпен (12-3) жекпе-жекке шықпайды, деп хабарлайды Bassport.kz шетелдік дереккөздерге сілтеме жасап.
Бұл кездесу 1 наурызда Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 253 турнирі аясында жоспарланған болатын. Алайда, Octagon Update-тің мәліметінше, Асу Алмабаев жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. Мұндай шешімнің себебі әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Спортшыға жақын арада жаңа қарсылас табылуы мүмкін екені хабарлануда.
Ал Стив Эрцег пен оның командасы әлеуметтік желіде тек «қызықты жаңалықтар» болатынын ғана хабарлады.
Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC-дің жеңіл салмақ дивизионында рейтингте сегізінші орында тұр, ал Эрцег тоғызыншы орынға жайғасқан.