Ұлан Қонысбаев ҚПЛ клубында қызметке тағайындалды
Футбол
Әлеуметтік желі
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаев «Тараз» футбол клубының спорт директоры атанды, деп хабарлайды Bassport.kz «Kommentator_Maulen» телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Жамбыл футболының түлегі Ұлан Қонысбаев 2006-2010 жылдары «Жамбыл» және «Тараз» клубтарында өнер көрсетті. Сонымен қатар, оның кәсіби мансабында «Астана», «Шахтер», «Қайрат», «Атырау», «Ақтөбе» және «Оқжетпес» командаларындағы ойындар бар.
Қонысбаев қарағандылық «Шахтер» сапында Қазақстан чемпионы, «Астана» құрамында Қазақстан Кубогының иегері атанған. Сондай-ақ, екі мәрте Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған.