Депутат Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі болашағы туралы пікір білдірді
Әлеуметтік желі
Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы атану мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Bassport.kz Sportnews.kz-ке сілтеме жасап.
— Бұрын барша ел Головкиннің жекпе-жектерін тамашалаған болса, қазір үлкен үмітімізді Шавкатқа артып отырмыз. Мен Шавкатты көптен бері білемін. ММА-да алғашқы қадамдарын жасаған кезде оның күрес техникасында қиындықтар болады деп ойлаған едім, бірақ жылдар өте ол барлық компоненттер бойынша айтарлықтай өсті. Әрине, Гэрримен өткен жекпе-жек сәл қобалжу туғызды, өте ауыр кездесу болды. Белалмен жекпе-жекке дейін әлі уақыт бар. Менің ойымша, Гэрриге қарсы бес раундтық кездесу оған титулдық айқас алдында жақсы сынақ болды. Оның дайындығына көмектесетін мамандар осыған назар аударуы керек. Ол тәжірибе жинап, өз күшіне деген сенімділігін арттырды. Жеңіске жете алады деп үміттенемін, — деді Қасқарауов.
Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та Шавкат Рахмоновтың UFC жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мұхаммедпен кездесетіні хабарланған болатын. Бұл Белал үшін чемпиондық белбеуді алғаш қорғау айқасы болмақ.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC жартылай орта салмақ рейтингінде екінші орында тұр және чемпиондық белбеуге міндетті үміткер болып саналады.