Жалғас Жұмағұлов пен Али Багаутинов реванш өткізуі мүмкін

Жалғас Жұмағұлов пен Али Багаутинов реванш өткізуі мүмкін
Жекпе-жек

yk.kz

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов пен ресейлік спортшы Али Багаутинов арасында реванш өткізу ықтималдығы бар. Бұл туралы AMC Fight Nights промоушенінің басшысы Камил Гаджиев мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Жұмағұловты боксқа қайтардық, мүмкін Алиді де қайтарамыз. Керемет реванш ұйымдастыруға болады. Олардың ММА ережелері бойынша өткізген жекпе-жегіне алты жыл толады, бұл екі спортшы үшін де маңызды әрі қызықты кездесу болады. Реванш Ақтөбеде өтсе, стадион толады», – деді Гаджиев «Вестник ММА» басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, қазақстандық пен ресейлік файтер арасындағы алғашқы жекпе-жек 2019 жылы өткен болатын. Смешанные единоборства ережелері бойынша өткен сол кездесуде жеңісті Жалғас Жұмағұлов қанжығасына байлаған еді.