Владимир Пономарев: “Черчесов кез келген ресейлік клубты басқара алады”

Владимир Пономарев: “Черчесов кез келген ресейлік клубты басқара алады”
Футбол

ҚФФ

ЦСКА және КСРО құрамасының бұрынғы ойыншысы Владимир Пономарев Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасынан кеткеннен кейінгі болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz, РБ Спорт-қа сілтеме жасап.

Пономаревтің айтуынша, Черчесов – тәжірибелі әрі қатал маман, сондықтан ол Ресейдің кез келген клубында сәтті жұмыс істей алады.

“Менің ойымша, Станислав Саламович – өте мықты жаттықтырушы. Ол ЦСКА-ны да басқаруға қабілетті. Өйткені ол қатал, талапшыл және ойыншыларға тым жұмсақтық таныта қоймайды. Қазіргі футболшыларға дәл осындай тәсіл қажет. Олар көп ақша табады, бірақ кейде алаңға шықпай, тек қосалқы құрамда отырады. Бәлкім, жалақыны ойын деңгейіне қарай реттеу керек шығар? Егер төмен баға алса, айлығы қысқарсын. Себебі еш нәтиже көрсетпей, тек ақша алып отыра беруге болмайды”, – деді Пономарев.

Еске салайық, 27 қаңтар күні Қазақстан футбол федерациясы 61 жастағы ресейлік маманның ұлттық құрамадан кеткенін ресми түрде жариялады.