“Астана” 290 күннен кейін ВТБ Бірыңғай лигасында жеңіске жетті

“Астана” 290 күннен кейін ВТБ Бірыңғай лигасында жеңіске жетті
Баскетбол

БК “Астана”

“Астана” баскетбол клубы ұзаққа созылған сәтсіздік сериясын тоқтатып, ВТБ Бірыңғай лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Елордалық команда “Самараға” қарсы өткен кездесуде 75:67 есебімен басым түсті.

Бұл жеңіс астаналықтар үшін 290 күн күткен жеңіс болды. Соңғы рет “Астана” ВТБ Бірыңғай лигасында 2024 жылдың 14 сәуірінде жеңіске жеткен еді.

Дегенмен, турнир кестесіндегі жағдай команда үшін әлі де қиын. Қазіргі таңда “Астана” 27 жеңіліспен соңғы орында қалып отыр.