«Тобыл» Черногория құрамасының қорғаушысы Марко Вукчевичпен келісімшартқа отырды
Футбол
Әлеуметтік желі
Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы Черногория ұлттық құрамасының қорғаушысы Марко Вукчевичпен ресми түрде келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.
«Марко — еуропалық футбол мектебінен өткен тәжірибелі қорғаушы. Ол «Будучность», «Олимпия» және «Ислочь» клубтарының намысын қорғаған. Сонымен қатар, Черногория құрамасының негізгі ойыншысы. «Тобылға» ауысқанға дейін Марко Босния және Герцеговинаның «Борац» клубында өнер көрсетті. Оның кәсібилігі мен сенімді ойыны біздің команда үшін маңызды күшейту болады», — делінген клубтың мәлімдемесінде.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Марко Вукчевичке «Ақтөбе» клубы да қызығушылық танытқаны туралы хабарланған еді. Алайда футболшы Қазақстан чемпионатынан басқа команданы таңдады.