Өзбекстандық футболшы «Манчестер Ситиге» ауысуға жақын
ФК “Ланс”
Француздық «Ланс» және Өзбекстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов «Манчестер Ситиге» ауысу үшін жұмыс визасын алуға өтініш берді, деп хабарлайды BasSport.kz.
20 жастағы футболшы өткен аптада барлық қажетті құжаттарын тапсырып, айдың соңына дейін Манчестерге келіп, келісімшартқа қол қоюы күтілуде. «Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола қорғаушыны жеке өзі таңдаған. Бұған дейін Хусановқа «Челси», «Ньюкасл» және ПСЖ қызығушылық танытқанымен, париждік клубтың ұсынысы ойын тәжірибесінің кепілсіздігі себепті қабылданбаған.
2023 жылы Хусанов белоруссиялық «Энергетик-БГУ» сапында өнер көрсетіп, жазда «Лансқа» 100 мың еуроға ауысқан болатын. Француздық клубта ол 31 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.
Хусановтың «Ланспен» келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды, ал Transfermarkt мәліметі бойынша, оның трансферлік құны 12 миллион еуроға бағаланады.