Қазақстандық UFC дебютанты Дана Уайтты таңғалдырғысы келеді
Жекпе-жек
Sport Plus Qazaqstan
Қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы файтер Дияр Нұрғожай (10-0) жеңісінен кейін UFC президенті Дана Уайтқа қандай сұрақ қойғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz Нұрғожайдың командасы «Tobet Top Team»-ге сілтеме жасап.
«Дана Уайттан өмірінде жылқы етін жеп көрген-көрмегенін сұрағым келеді. Алла қаласа, жеңіске жетсем, осы сұрақты міндетті түрде қоямын», — деді Нұрғожай.
Спортшы UFC-дағы алғашқы жекпе-жегін Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC Vegas 104 турнирінде бразилиялық файтер Брендсон Рибейромен (16-7) өткізеді. Қарсыласының лақап аты — «Горилла».
Айта кетейік, Дияр Нұрғожай UFC қатарына Дана Уайттың үміткерлер сериясы арқылы қосылған болатын. Ол өткен жылдың қазан айында поляк файтері Бартош Шевчикті жеңіп, промоушнмен келісімшартқа қол жеткізді.