«Қайрат» қақпашысыз қалды
Футбол
Фк “Қайрат”
23 жастағы қақпашы Вадим Ульянов «Қайрат» клубынан келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты кетті, деп хабарлайды BasSport.kz
Вадим командаға 2022 жылғы маусымның басында қосылған. Үш маусымда ол 42 матч өткізіп, 38 гол жіберіп алды және 16 ойында қақпасын голдан аман сақтады.
Бұған дейін Ульяновтың «Ахмат» командасына ауысқаны туралы ақпарат тараған еді.