«Барселона» Дани Ольмоны маусымның қалған бөлігіне тіркей алмады
Getty Images
Ла Лига мен Испанияның Корольдік футбол федерациясы (RFEF) «Барселона» клубының жартылай қорғаушысы Дани Ольмоның тіркелуіне қатысты бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Мәлімдемеге сәйкес, футболшының лицензиясы күшін жойды, ал «Барселонаның» Ольмоны 2024/25 маусымының екінші бөлігіне тіркеу туралы өтініші қабылданбады. Бұл шешімді Ла Лига мен RFEF арасындағы үйлестіру келісімінің орындалуын бақылау комитеті қабылдаған.
Дани Ольмо 2024 жылдың тамыз айында «Лейпцигтен» «Барселонаға» ауысқан болатын. Сол кезде клуб оны тек маусымның алғашқы жартысына тіркей алды. 26 жастағы испандықтың келісімшартында, егер қаңтар айында тіркелмесе, клубты тегін тастап кете алатын шарт бар.
Маусымның алғашқы жартысында Ольмо «Барселона» сапында барлық турнирлерде 15 матч өткізіп, 6 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.