«Ақтөбе» капитаны командадан кетті

«Ақтөбе» капитаны командадан кетті
Футбол

ФК “Ақтөбе”

«Ақтөбе» аргентиналық футболшы Леонель Струмиямен ресми түрде қоштасты, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Рақмет, капитан! Біз Леоға атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы мансабында сәттілік тілейміз! Айта кетейік, Лео Струмия 2024 жылы «Ақтөбе» сапында барлық турнирлерде 29 матч өткізді», – деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

2024 маусымында Струмия ақтөбелік клубтың капитаны болды.