Данил Устименко «Тобыл» ойыншысы атанды
Футбол
ФК “Тобыл”
Қазақстан құрамасының қақпашысы Данил Устименко «Тобылмен» келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды BasSport.kz
Бұл туралы қостанайлық ұжым әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Устименконың мансабы Алматының «Цеснасынан» басталды. Кейін «Қайрат» ФК Академиясына ауысты. Клуб құрылымында 12 жылдан астам уақыт доп тепті. «Қайрат» сапында 74 кездесуде алаңға шықты.
Осы маусымда 24 жастағы қақпашы Әзербайжанға қарсы матчта ұлттық құрамада дебют жасады.