Али Ахмедовтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Али Ахмедовтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
Бокс

Getty Images

Танымал қазақстандық боксшы Али Ахмедов (22-1, 16 КО) келесі жекпе-жегін 17 қаңтарда АҚШ-та өткізеді, деп хабарлайды BasSport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

 Али америкалық боксшы Малком Джонспен (17-4-1, 10 КО) жекпе-жек өткізеді.

17 қаңтарда өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде WBC Continental Americas Feather белбеуі Омар Канде Тринидад (17-0-1) пен Майк Плания (31-4) арасында сарапқа салынады.

Айта кетейік, Ахмедов кейінгі жекпе-жегін Ирландияда өткізіп, Пьер Дибомбені төрешілер шешімімен жеңген болатын.