Зайнудиновтың бапкері ауысуы мүмкін

Зайнудиновтың бапкері ауысуы мүмкін
Футбол

ФК “Шахтар”

«Бешікташ» 39 жастағы португалиялық және түркиялық азаматтығы бар маман Филипе Селиккайды бапкерлікке шақыру мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды BasSport .kz.  

Sport+ мәліметінше, Селиккая қазіргі бас бапкердің міндетін атқарушы Сердар Топрактепеге көмекші болуы мүмкін. Маманмен келіссөздер оң нәтижемен аяқталды, бірақ «Бешікташ» басшылығы басқа да үміткерлермен байланыс орнатуды жоспарлап отыр. 

 Селиккая 2024 жылдың жазында «Спортинг» клубынан кеткеннен бері жұмыссыз. 

 Айта кетейік, «Бешікташ» сапында қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов ойнайды.