Ресми: «Ордабасы» Кирилл Кекермен қоштасты
Футбол
ФК “Қайрат”
Кирилл Кекер «Ордабасы» командасының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Шымкенттік клубтың баспасөз қызметі 45 жастағы қазақстандық маманмен келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты қоштасқанын мәлімдеді.
«Рақмет, Кирилл Сергеевич! Кирилл Кекер клубты келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен кетті. Біз оған атқарған еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз! Болашақ мансабында сәттілік тілейміз!» – делінген клуб хабарламасында.
Айта кетейік, Кекер шымкенттік клубты 2024 жылдың тамыз айында басқарды. Бұған дейін ол алматылық «Қайрат» командасында жұмыс істеген болатын.