Михаил Мудрик допинг дауына байланысты футболдан 4 жылға шеттетілуі мүмкін

Михаил Мудрик допинг дауына байланысты футболдан 4 жылға шеттетілуі мүмкін
Футбол

Chelsea FC

Украина ұлттық құрамасы мен лондондық «Челси» клубының 23 жастағы вингері Михаил Мудрик допинг-тесттен оң нәтиже көрсеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Bassport.kz

Әзірге футболшы немесе оның өкілдері бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Дегенмен, жаңалық жарияланғаннан кейін Мудрик әлеуметтік желідегі жазбаларына пікір қалдыру мүмкіндігін өшірген.

Championat.com мәліметіне сәйкес, футболшы қазан айында допинг-тест тапсырған, оның «А» сынамасынан тыйым салынған зат табылған. Алдағы күндері «B» сынамасы ашылады деп күтілуде. Егер екінші сынама да оң нәтиже көрсетсе, Мудрик төрт жылға дейін ойыннан шеттетілуі мүмкін.