Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының финалына шықты

Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының финалына шықты
Бокс

Спортты дамыту дирекциясы

Қазақ боксшысы Санжар Тәшкенбай 2024 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалдық кездесуінде жапониялық Қадзума Аратакені жеңіп, финалға жолдама алды. Бұл кездесу 48 келі салмақ дәрежесінде өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бірінші раундта Тәшкенбай қарсыласын нокдаунға жіберіп, жекпе-жекті төрешілердің бірауызды шешімімен өз пайдасына аяқтады. Осылайша, ол алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды, ал Аратаке турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай әлем және Азия чемпионы атағын иеленген. 2022 жылы Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатында Тәшкенбай Аратакемен финалда кездесіп, тағы да бірауызды шешіммен жеңіске жеткен болатын.