“Челси” қыста Мудрикті сатып жіберуге дайын

“Челси” қыста Мудрикті сатып жіберуге дайын
Футбол

Фк “Челси”

Лондондық «Челси» клубының украиналық вингері Михаил Мудрик осы желтоқсанда командадан кетуі мүмкін,деп хабарлайды Bassport.kz Sport+ сілтпме жасап.

Footiecentral басылымының мәліметінше, «Челси» 23 жастағы ойыншыны қысқы трансфер кезеңінде сатуды қарастыруда, себебі оған бірнеше клубтан ұсыныс түскен.

Мудрикті өз сапына қосуға үміткерлер арасында АПЛ-дың екі клубы бар: осы маусымда Чемпиондар Лигасына қатысып жатқан «Астон Вилла» мен лондондық «Вест Хэм». 

 Сондай-ақ, француздық «Марсель» де ойыншыға қызығушылық танытуда. «Челси» украиналық футболшымен €35 млн көлемінде сомаға қоштасуға дайын. 

 Осы маусымда Мудрик «Челси» сапында барлық турнирлерде 16 матч өткізіп, үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Михаил лондондық клубқа 2023 жылдың қаңтарында қосылған болатын.