Әліп “Зенит” сапында гол соғып, артынша ауыр жарақат алды
Футбол
Фк “Зенит”
Санкт-Петербургтік «Зенит» РПЛ-дың 17-турындағы матчта «Крылья Советовқа» 2:3 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Bassport.kz Sport+ сілтеме жасап.
«Зенит» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп негізгі құрамда алаңға шығып, 72-минутта бұрыштамадан берілген доптан гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.
Алайда 82-минутта ауыр жарақат алып, алаңнан ауыстырылды.