Үш саудиялық клуб Де Брюйнеге қызығып отыр

Үш саудиялық клуб Де Брюйнеге қызығып отыр
Футбол

Әлеуметтік желі

«Әл-Наср», «Әл-Әхли» және «Әль-Кадисия» «Манчестер Ситидің» 33 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйнеге қызығушылық білдіруде, деп хабарлайды Bassport.kz Sport+ сілтеме жасап. 

Саудиялық клубтардың бельгиялық футболшыға деген қызығушылығына қарамастан, ол «Манчестер Ситимен» 2025 жылдың жазында аяқталатын келісімшартын ұзартуы немесе мансабын МЛС-та жалғастыруы мүмкін деген нұсқалар бар.  

Ағымдағы маусымда Де Брюйне барлық турнирлерде 10 матчқа қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны €45 млн құрайды.