Ұлттық құрама FIFA рейтингінде төмендеді

Ұлттық құрама FIFA рейтингінде төмендеді
Футбол

ҚФФ

Футболдан Қазақстан ерлер құрамасы қарашада Ұлттар лигасы аясында өткен матчтардан кейін FIFA рейтингінде төмендеді, деп хабарлайды Bassport.kz Sport + сілтеме жасап.

FIFA-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасы үш сатыға төмендеп, 110-орынға жайғасты. Аргентина көш басында қалса, екінші Франция, үшінші Испания тұр.

28 қарашада жаңартылған ФИФА рейтингі:

1. Аргентина – 1867,25 ұпай;

2. Франция – 1859,78;

3. Испания – 1853,27;

4. Англия – 1813,81;

5. Бразилия – 1775,85;

6. Португалия – 1756,12;

7. Нидерланд – 1747,55;

8. Бельгия – 1740,62;

9. Италия – 1731,51;

10. Германия – 1703,79…

110. Қазақстан – 1180,18. 

Айта кетейік, қарашада Қазақстан құрамасы екі рет жеңіліске ұшырады. Алдымен өз алаңында Аустрияға (0:2), кейін сырт алаңда Норвегияға (0:5) есе жіберді.