Джон Джонс үшінші раундта Миочичті нокаутқа жіберді (ВИДЕО)
Instagram: @johnnybones
UFC 309 турнирінің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы (120,2 кг дейін) чемпион Джон Джонс Стипе Миочичті үшінші раундта нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жекпе-жек толықтай Джонстың басымдығымен өтті. Алғашқы раундта ол тейкдаун жасап, Миочичті “грэнд энд паунд” техникасымен шынтақпен ауыр соққыларға алды. Экс-чемпионның мұндай соққыларды жарақатсыз көтеруі таңқаларлық.
Екінші раунд негізінен стойкада өтті. Миочич бірнеше ауыр соққы жасағысы келді, бірақ оның әрекеттері баяу және болжамды болды. Ал Джонс лоукиктер, хайкиктер, денеге соққылар және айналып соғу техникасымен жұмыс істеді.
Үшінші раундта Миочич белсенділік танытқанымен, Джонстың джебіне тап болды. Кейін кросс соққысы дөп тиіп, Стипе торға қарай шегінді. Осы сәтте Джонс айналып тепкен соққымен қарсыласын тізе бүктіріп, оны рефери тоқтатқанға дейін соққылап үлгерді.
Джон Джонс: 28-1 (UFC).
Стипе Миочич: 20-5 (UFC).
Ауыр салмақтағы чемпион өз белбеуін сенімді түрде қорғап, қарсыластарынан әлі де бір бас жоғары екенін көрсетті.