Зайнутдинов Түркия мен Ресей футболының деңгейін салыстырды

Зайнутдинов Түркия мен Ресей футболының деңгейін салыстырды
Футбол

ФК “Бешикташ”

“Бешикташ” клубының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов Түркия Суперлигасы мен Ресей Премьер-Лигасының (РПЛ) деңгейін салыстырды, деп хабарлайды Bassport.kz.

«Қай чемпионат мықтырақ? Әрбір чемпионаттың өзіне тән күші бар. Түркияда ойын ашықтау, мұнда шабуылға көп көңіл бөлінеді, өйткені жанкүйерлер өте талапшыл, алаңда шоу көргісі келеді. Көптеген командалар төрт қорғаушымен ойнайды. Жалпы, Түркияда футболшылардың деңгейі жоғарырақ деп ойлаймын.», — деді Зайнутдинов “Известия” басылымына берген сұхбатында.

Ағымдағы маусымда Зайнутдинов Суперлигада екі ойынға қатысты, алайда нәтижелі әрекеттерімен ерекшеленген жоқ. Футболшының клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.

Transfermarkt порталының мәліметінше, ойыншының нарықтық құны 4 миллион еуроны құрайды.