Моуриньо айыппұл арқалады

Моуриньо айыппұл арқалады
Футбол

ФК «Фенербахче»

Стамбұлдың "Фенербахче" командасының бас бапкері Жозе Моуриньо Түркия чемпионатында бір ойынға шеттетілді, деп хабарлайды Bassport.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Түрік футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 11-турдағы "Трабзонспорға" қарсы өткен матчтан кейін атақты бапкер жанкүйерлер мен қарсыласқа құрметсіздік танытып, төрешілерді сынға алғаны үшін бір матчқа дисквалификация алды. Сонымен қатар, Моуриньоға 25 мың еуро көлемінде айыппұл салынды.

Еске салсақ, португалиялық маман Жозе Моуриньо "Фенербахчені" 2024 жылдың маусым айында қабылдаған болатын, қазіргі уақытта оның командасы Суперлига кестесінде үшінші орында тұр.

Айта кетейік, Түркия чемпионатында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" клубының намысын қорғайды.