Максим Самородов «Штурмға» ауыса ма?

Максим Самородов «Штурмға» ауыса ма?
Футбол

ФК «Ахмат»

Австриялық «Штурм» Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородовты қатарға қосуына әліде ниетті, деп хабарлайды Bassport.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың тамыз айында 22 жастағы футболшы Ресейдің «Ахмат» клубына ауысып, осы уақытқа дейін барлық турнирлерде 12 матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас беріп үлгерді. Бұған дейін «Штурм» Самородовтың бұрынғы клубы – «Ақтөбеге» 400 мың еуродан астам сома ұсынған, алайда бұл ұсыныс «қызыл-ақтарды» қанағаттандырмады. 

  Айта кетейік, Қазақстандық шабуылшының ауысуы үшін «Ахмат» «Ақтөбеге» шамамен бір миллион еуро төлеген болатын.

Еске сала кетейік, «Штурм» өз елінің төрт дүркін және қазіргі чемпионы саналады. Сондай-ақ клуб Австрия кубогын жеті рет және Интертото кубогын бір рет жеңіп алған.