19 жасар ойыншы «Қайратқа» үміт сыйлады
Футбол
Фк «Қайрат»
Футболдан Қазақстан чемпионатының 25-туры аясында «Қайрат» шымкеттіктерден басым түсті, деп хабарлайды Bassport.kz
Чемпиондыққа тікелей әсер ететін тартысты ойында алматылықтардың асығы алшасынан түсті. Ойынның 42-минутында «Қайрат» сапында Элдер Сантана мергендігімен көзге түссе, ойынның соңына қарай «Қайраттың» экс ойыншысы Еркебұлан Тұңғышбаев баспен қарсылас қақпасынан саңлау таба білді.
Тартысты матчтың 84-минутында Олжас Байбек жойқын соққымен шымкенттіктердің чемпиондыққа деген үмітін сөндірді.
Айта кетейік, алматылықтар 44 ұпаймен көш басында болса, «Ордабасы» үшінші орынға жайғасты.