Кекер «Ордабасыдан» кете ме?
Футбол
ФК «Ордабасы»
Шымкенттік “Ордабасы” клубының бас бапкері Кирилл Кекер “Жеңіс” клубынан жеңілгеннен кейін, ойыншыларға киім ауыстыратын бөлмеде алғысын білдіріп, өз қызметінен кететінін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz бұл туралы Meta-ratings.kz -ке сілтеме жасап.
Маман клубтан кетуге ниеттеніп, өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазған.
Кекер шымкенттік клубты белорусиялық Александр Седнев кеткеннен кейін басқарды. Ол маусымның соңына дейін келісімшартқа қол қойған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін команда сырт алаңда "Тобылдан" (0:1) және өз алаңында "Астанадан" (2:4) ұтылып, чемпиондыққа таласу мүмкіндіктерін нашарлатып алды. Қазіргі таңда "Ордабасының" еншісінде 39 ұпай бар және КПЛ-де екінші орында тұр.