Чимаев пен Рахмонов жекпе-жегі болуы мүмкін бе?

Чимаев пен Рахмонов жекпе-жегі болуы мүмкін бе?
Жекпе-жек

UFC жауынгері Хамзат Чимаев қазақстандық Шавкат Рахмоновпен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz Tengrisport.kz-ке сілтеме жасап.


Алайда ол тек титулдық белбеу және жоғары қаржылай сыйақы үшін келісуге дайын. Чимаевтің айтуынша, оның басты мақсаты - чемпион болу.


Қазіргі уақытта Чимаев UFC-дің орта салмақтағы рейтингінде 13-орында, ал Рахмонов жартылай орта салмақта 3-орында тұр.


Айта кетейік, Чимаев жақын арада аустралиялық Роберт Уиттакерге (26-7) қарсы жекпе-жекке шығады. Екі жауынгердің болашақтағы жекпе-жегі MMA әлемінде қызу талқыланып жатыр.