Футзал: «Қайрат» халықаралық турнирді сәтсіз аяқтады

Футзал: «Қайрат» халықаралық турнирді сәтсіз аяқтады
Футзал

Ашық дереккөз

Алматылық «Қайрат» футзалдан клубтар арасындағы халықаралық турнирдің үшінші кездесуінде тайлық «Black Pearl» командасынан 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Bassport.kz бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Осылайша, алматылықтар халықаралық турнирді үш ұпаймен аяқтап отыр. «Қайрат» бірінші кездесуінде қытайлық «Шэньчжэнь Нанлинге» есе жіберіп (4:7), екінші кездесуінде жапониялық «Шинагавадан» (6:4) басым түсті.