«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында ірі есеппен қарсыласына есе жіберді
Баскетбол
ВТБ Бірыңғай лигасы
22 қыркүйекте «Астана» баскетбол командасы ВТБ Бірыңғай лигасы аясында өз алаңында «Пари Нижний Новгород» клубын қабылдады, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ойында «Астана» 62:90 есебімен жеңіліп қалды. Қонақтар сапынан ең үздік ойыншы Зак Нуталл болды, ол 16 ұпай (төрт рет үш ұпайлық соққы) жинап, үш нәтижелі пас берді. Ал «Астана» сапынан ең көп ұпайды америкалық Маркелл Джонсон жинады. Оның еншісінде 25 ұпай бар (екі үш ұпай).