Айбек Оралбай Азия чемпионатының финалына шықты
Бокс
ҚБФ
Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай 2026 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті. Байрақты бәсеке World Boxing ұйымдастыруымен Улан-Батор қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz.
90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы финал жолдамасы үшін түрікменстандық Довлет Исламовпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысында Айбек Оралбай айқын басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Осы нәтижеге сәйкес, Айбек Оралбай турнирдің финалына жолдама алды, ал Довлет Исламов жарысты қола медальмен аяқтады.