Грек-рим күресінен Қазақстан жастар командасы әлем чемпионатына қатысады

Грек-рим күресінен Қазақстан жастар командасы әлем чемпионатына қатысады
Күрес

Күрес федерациясы

Грек-рим күресінен Қазақстан жастар командасы Албанияда өтетін U23 әлем чемпионатына қатысады. Бұл туралы Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Құраманың аға жаттықтыушы Жаңабек Оспанов Тирана кілемінен төрт медаль алудан үмітті екенін жасырмайды. «Төрт салмақта медальдан үміттіміз. 55, 67, 77 және 97 келідегі балуандар алысқа шабады деген сенім бар. Мәселен, 67 келіде ересектер арасында көзге түсіп жүрген Дін-Мұхаммед Қошқар белдеседі. 97 келіде Азия чемпионатының және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінің финалисті Юсуф Мациев күреседі. Екі балуан да әлемдік жарыстардың дуын көрген. Албанияға мықты, дайындығы өте жоғары құрам барады. Сондықтан, нәтиже де жақсы болады деп ойлаймын. Оған дейін екі жаттығу жиынын өткіземіз», - деді аға бапкер.