Қазақстан күрес федерациясы төрешілерге біліктілік курсын өткізіп жатыр

Қазақстан күрес федерациясы төрешілерге біліктілік курсын өткізіп жатыр
Күрес

Olympic.kz

Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған біліктілік арттыру курсы өтіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Жиынға өз тәжірбиесімен бөлісу мақсатында, грек-рим күресі бойынша 2023 жылғы USAW үздік жаттықтырушысы, UWW оқытушысы Мартин Хаук арнайы шақыртылған.

"Күрес ережелерін жаңарту бойынша арнайы семинар өткіземін. Өйткені әлемдік федерация жиі өзгерістер енгізеді. Біздің жаттықтырушыларымыз бен спортшыларымыз бұл өзгерістерден хабардар болуы керек. Көбінесе даулы жағдайларда бұл біздің спортшыларға жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі", - дейді халықаралық дәрежедегі төреші Игорь Лигай.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасында қазақстандық екі төреші жұмыс істеген болатын.