Жұрқамырза Шүкірбеков ел қоржынына тағы бір қола жүлдені салды

Жұрқамырза Шүкірбеков ел қоржынына тағы бір қола жүлдені салды
Күрес

ҰОК

Жұрқамырза Шүкірбеков Париж-2024 Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Bassport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан J2 класында 90 келі салмақты сынға түсіп, қола медаль жеңіп алды.

Паралимпиада жүлдесіне талас барысында Жұрқамырза Франциядан келген қарсыласы Насер Зорганиді иппонмен ұтты.

Бұған дейін, жартылай финалда, спортшымыз грузиялық Реваз Чикоидзеге есе жіберді, ал ширек финалда бразилиялық Серхио Фернандес Жуниордан (J2) басым түскен болатын.