Көшпенділер ойыны: Қазақ күресінен балуандарымыз бір күнде 8 алтын жеңіп алды

Көшпенділер ойыны: Қазақ күресінен балуандарымыз бір күнде 8 алтын жеңіп алды
Күрес

ҚазАқпарат

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен отандастарымыз бір күнде 8 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Алтыншы алтынды ел қоржынына әйелдер арасында 60 келі салмақта сынға түскен Бақыт Құсақбаева жеңіп алса, жетінші алтын жүлдені ерлер арасында 66 келіде Дидар Тұқышев иеленді. Ал сегізінші алтын жүлдені 74 келі салмақта тағы бір отандасымыз Жұмажан Қожамбеков жеңіп алып, V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының чемпионы атанды. Осылайша, бүгін 8 салмақта ел намысын қорғаған (4 ер, 4 әйел) балуандарымыздың барлығы жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. 

Осыған дейін ерлер арасында Мейіржан Берекетов пен әйелдер арасында 56 келі салмақта белдескен Роза Нұрмахамметова чемпион атанған еді. Сонымен қатар 52 келі салмақта Назерке Азаматова жеңімпаз атанса, оған дейін әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Айжан Жылқыбаева мен ерлер арасында 55 келі салмақта Бекжан Төлепов V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанған болатын.