Мағжан Шамшадин бастаған спортшылар Әбу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысады
Дзюдо
ҰОК
11-13 қазан күндері Әбу-Дабиде дзюдодан Grand Slam бәсекесі өтеді. Аталған додаға Қазақстан командасы да қатысады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Әлемдік жарысқа қатысатын Қазақстан құрамы анықталды. Ерлерден 9, қыздардан 3 спортшы мықтылар арасында бақ сынайды.
Қазақстан құрамы төмендегідей:
60 келі: Мағжан Шамшадин, Дәурен Сүйеукенов
66 келі: Әділбек Берікұлы
73 келі: Дархан Қойбағар, Ермек Амангелді
81 келі: Жалғас Қайролла, Руслан Мұсаев
100 келі: Әділет Сапарғалиев
+100 келі: Мәди Еділбаев
Әйелдер:
63 келі: Есмигүл Куюлова
+ 78 келі: Назгүл Маратова, Карина Такиева.