Күрестен әлем чемпионаты: Еркін күрес шеберлері жарысты екі медальмен аяқтады
Күрес
ҰОК
Испанияның Понтеведра қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Соңғы жүлделерді еркін күрес шеберлері сарапқа салды. Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар.
97 келіде Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанды. Ол финалда әзербайжандық спортшыдан басым түсті.
92 келіде Камиль Куруглиев әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Кіші финалда Камиль ирандық балуанды жеңді.
Одан бөлек, төрт қазақстандық балуан алғашқы бестікке енді. Мықтыбек Үкіметұлы (57 келі), Әбдінұр Нұрланбек (61 келі), Айқын Болатұлы (70 келі) және Әлихан Құсайынов (125 келі) қола медаль үшін күресте қарсыласқа жол берді.